$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Премьер-министр Алматыға жұмыс сапарымен барды

AstanaTV
15.08.2016ж. 20:00
2196
Премьер-министр Алматыға жұмыс сапарымен барды

Алматы әуежайында күн сайын 180 ұшақ ұшып-қонады. 12 мың жолаушыға қызмет ететін мегаполис қақпасының қауіпсіздігі жіті бақылауда болуы тиіс. Бүгін аймаққа жұмыс сапарымен барған премьер-министр әуежай жұмысымен танысты. Қауіпсіздік жүйесін бақылап, инженерлік-техникалық ахуалын көрді.

Кәрім Мәсімов Алматы жұртына қауіп төндірген Қарғалы өзеніне де барды. Арнаның жөндеу жұмыстарын қарады. Үкімет басшысы үйлерін су басқан Алатау ауданының халқымен кездесті. Арықтардың арнасын кеңейту бойынша жасалынып жатқан жұмыстар жайлы қала билігінен жауап алды.

Сайран Сайфеденов, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі:

Қазіргі уақытта Қарғалы өзенінің  жағалауын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстарды бітіру қараша айына жоспарланған. Қазіргі уақытта Қазселезащита мекемесі бүкіл Алатауда орналасқан өзендерді судан босату жұмыстарын жүргізіп жатыр.