$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақмола облысында әйел жаңа туған баласын пешке тастап, өртеп жіберген

AstanaTV
26.01.2023ж. 21:15
1604
Ақмола облысында әйел жаңа туған баласын пешке тастап, өртеп жіберген

Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласында әйел жаңа туған баласын өртеп жіберді, деп хабарлайды Астана телеарнасы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол өзінің бұл әрекетін «нәресте тірі емес деп ойлағандықтан, солай істедім» деп түсіндірген. Болған оқиғаны полиция бөліміне аудандық аурухананың акушер-гинекологы хабарлаған. Дәрігер 26 қаңтарда 1990 жылы туған науқасты тексергенде, ол үш күн бұрын – 23 қаңтарда босанғанын айтқан.

«Ол өздігінен босанған. Өмірге келген сәбиді пешке тастап, өртеп жіберген», - деді құқық қорғау органдары.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады. Кейінірек егжей-тегжейлі түсініктеме болатынын айтты.