Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Иранда зілзаладан зардап шеккендер саны 816 адамға жетті

AstanaTV
29.01.2023ж. 16:05
794
Иранда зілзаладан зардап шеккендер саны 816 адамға жетті

Иранның солтүстік-батысы Батыс Әзербайжан провинциясы Хой қаласында болған жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер саны 816-ға жетті, 3 адам қаза тапты. Бұл туралы жексенбі күні провинция губернаторы Мохаммад Садег Мотамедян мәлімдеді, деп хабарлайды Астана телеарнасы ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

"Алдын ала бағалау бойынша, зілзала 2 қала мен 70-тен аса ауылға нұқсан келтірген, 20-50% ғимарат бүлінді",- деп атап өтті ол.

Магнитудасы 5,9 балдық жерасты дүмпуі 28 қаңтарда Иранның солтүстік-батыс бөлігінде тіркелді. Зілзала ошағы 175 мың адам тұратын Хой қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 шақырым жерде болған. Оның тереңдігі – 7 км.

Осыған дейін Ирандағы зілзаладан екі адамның мерт болғанын хабарлаған болатынбыз.