Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бағдат Мусин шетелдік көлігін заңдастырып жүрген астаналықтармен кездесті

AstanaTV
29.01.2023ж. 16:53
1112
Бағдат Мусин шетелдік көлігін заңдастырып жүрген астаналықтармен кездесті

Цифрлық даму, инновациялар және аоэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин шетелдік көлігін заңдастырып жүрген астаналықтармен кездесті. Бұл туралы министрдің өзі Telegram арнасында жазды.

Өздеріңіз білетіндей, қазір шетелдік көліктерді заңдастыру процесі жүріп жатыр. Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Цифрлық даму министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, азаматтарға қызмет көрсету үдерісін жолға қоюда.

"Бүгін Астананың №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Көліктерін заңдастыру үшін келген азаматтармен және орталық мамандарымен сөйлесіп, қандай мәселелер бар екенін сұрадым. Заңдастыру процесінде көлік басқа елде де тіркеуде тұрмауы шарт. Көптеген азаматтар осы проблемаға тап болады екен", - дейді Бағдат Мусин.

Министр қолындағы компьютермен интернетке кіре алатын кез келген адам мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетін қызметті өз бетімен тындыра алатынын айтады.

"Заңдастыру барысында ең алдымен көлік деректерін тексеруге eGov порталы арқылы өтініш беру керек. Қолында компьютері жоқ автокөлік иелері кез келген ХҚКО-ға келіп, өзіне-өзі қызмет көрсету секторында өтінім бере алады. Автокөліктің тіркеу деректері қатесіз толтырылуы тиіс. Мақұлданған жағдайда автокөлікті тексеру үшін мамандандырылған ХҚО-ға онлайн кезекке тұру қажет",-деді.

Бұған дейін көлік заңдастыру науқанының төртінші күні 1990 адам жаңа нөмір алғанын жазған едік.