$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Пәкістанда экскурсия кезінде 10 оқушы суға батып кетті

AstanaTV
29.01.2023ж. 20:49
288
Пәкістанда экскурсия кезінде 10 оқушы суға батып кетті

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында оқушыларды Танда көлі арқылы тасымалдап бара жатқан кеме аударылды. Полиция мәліметінше, 11 адам құтқарылды, деп хабарлайды Астана телеарнасы Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында оқушыларды Танда көлі арқылы тасымалдап бара жатқан шағын кеме аударылып, 10 оқушы мерт болды. The Times of India басылымының 29 қаңтар, жексенбі күні жергілікті полиция өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, марқұмдардың жасы 7-14 жас аралығында болған.

Билік 11 бала құтқарылғанын, оның алтауының жағдайы ауыр екенін мәлім етті. Полиция өкілдерінің түсіндіруі бойынша, діни мектептің 25-30 оқушысы кемемен экскурсияға шыққан.

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах