$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қаржы пирамидасын құрған күдікті 5 жылға бас бостандығынан айырылды

AstanaTV
30.01.2023ж. 10:26
1043
Қаржы пирамидасын құрған күдікті 5 жылға бас бостандығынан айырылды

«LV FORCE» қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша азаматша Е.Е. Лишкоға қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті аяқтады.

2018 жылдан бастап Лишко Е.Е. Степногорск қаласының аумағында жеке тұлғалардан түсетін қаражатты қайта бөлу арқылы ақша тартудан кіріс алу мақсатында «LV FORCE» компаниясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, қаржылық пирамида қызметін ұйымдастырды.

Нәтижесінде осы пирамида жұмыс істеген кезеңде 5 822 жеке тұлға тартылып, келтірілген шығын көлемі 147 миллион теңгеден асады.

Сот Е. Лишконы кінәлі деп танып, оған тыйым салынған мүлкі тәркіленіп, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.