Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы бұйрығымен 23 қаңтарда Қарағанды қаласында болған өртте адамдарды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Руслан Түсіпов, Ерасыл және Қанат Смағұловтар "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімі ағайынды Смағұловтар оқитын №12 мектепте өтті.
Мектеп жиынында мектеп оқушылары мен педагогтарының қатысуымен Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов батырларға ведомстволық медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Облыстың білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова оқушыларға Білім министрінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыс етті.
«Жігіттер нағыз батылдық танытып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұған бәрі бірдей батылдық таныта алмайды, бұл батылдық пен шешімділікті қажет етеді. Балаларын дұрыс тәрбиелеген батырлардың ата - аналарына алғыс айтамыз», - деді ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов.
Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда Жеңіс көшесінде тұрғын үйге бекітілген қазандықта өрт шыққан болатын. Көрші үйде тұратын №12 ЖББМ оқушылары Ерасыл мен Қанат Смағұлов қарт көршілерге аулаларын қардан тазартуға көмек көрсетті. Олар қазандықтан шыққан түтінді көріп, көмекке жүгірген. Ағайындылар үйге жүгіріп бара жатқанда, қожайындары - егде жастағы ер мен әйел адам екенін көрді. Жасөспірімдер абдырап қалмай, екі зейнеткерге таза ауаға шығуға көмектескен, олардың бірі балдақпен қозғалады. Балалар киім-кешек пен құжаттарды да шығарып үлгерді. Көршісі Руслан Түсіпов көмекке шақырылып, өрт сөндірушілер шақырылып, өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін өртті қолда бар құралдармен сөндіре бастады. Ағайынды Смағұловтар мен олардың көршісі Русланның сауатты әрекеттерінің нәтижесінде екі адам құтқарылды, өрттен келтірілген залал барынша азайтылды.
Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті