$494.87 €520.65 ₽4.91
×

38 жастағы азаматты 6 қой мен 200 мың теңгеге сатып жіберген

AstanaTV
30.01.2023ж. 20:00
1004
38 жастағы азаматты 6 қой мен 200 мың теңгеге сатып жіберген

38 жастағы шетелдік азаматты учаскелік полиция қызметкері ақша сұрап, болмаған соң ұрып-соғып, құлдыққа сатып жіберген. Бұл туралы Өзбекстан азаматы бейнежазбада мәлімдеген. Айтуынша, оны 6 қошқар мен 200 мың теңгеге айырбастаған.

10 жылдан бері Қазақстанды тұрамын. Төлқұжаттарымды жоғалтып алғанмын. Бірақ осы Жетісу облысындағы Үштөбе қалалық полциия қызметкерлері менен 100 мың теңге талап етті. Жоқ болған соң, Қайрат есімді біреуге сатып жіберді. Сол үйде отын жағып, бүкіл жұмыстарын істедім. Бірақ кеше қашып құтылдым. Маған көмектесулеріңізді сұраймын.

Құзырлылардың мәліметінше, аталған факт бойынша қызметін асыра пайдаланғаны үшін қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

38 жастағы шетел азаматы болып шыққан бейне өтініштің авторы іздестіріліп, сұхбат жүргізілді. Аталған іс бойынша тергеуді облыстық полиция департаментінің басшылығы ерекше бақылауға алды.

Ә. Дүкембаева