Ақмола облысы Қосшы қаласында ұрлық көп. Тұрғындар кезекшілік ұйымдастырып, үйлерін өздері күзетуге мәжбүр. Өйткені полицейлерден көңіліміз қалды дейді. Ал тәртіп сақшыларының бұған айтар уәжі қандай? Тараптарды тілшіміз Дәрібек Бахытбек тыңдады.
Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Дәл кеше мына жерде телевизор болған. Алайда, үй тоңаушылар басынғаны сонша, тал түсте мына терезе арқылы кіріп қымбат заттарды қолды қылған. Ал тұрғындар қазір үйде жалғыз қалуға қорқамыз деп отыр.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Мен инвалидпін, таңертең бар бала жұмысқа кетеді. Ол ұры келіп түсіп жатса, мен не істеуім керек. Сақтық керек, қорқамыз.
- Біздер де қорқамыз, конечно үйдің қасынан тоже ұрламайтын нәрсе жоқ енді барлығымыздың шарбағымыз істелмеген.
Соңғы уақытта Қосшыға көшіп келушілер қатары едәуір артқан. Алайда қоңыс аударғанның бәрі ұрының құрбаны болады екен. Диляра Каукенованың айтуынша, бірнеше ай бұрын үйіне деп әкелген құрылыс заттарын тонап кеткен. Шамамен шығын 1 миллионнан асып түседі дейді.
Диляра КАУКЕНОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Ұры түсті. Есікті бұзып түсті. Строй материалдарды ұрлады. Анау кабелдерді ұрлады. Полиция шақырдық. Бірақ полицияның кеңесі бойынша заявление жазбаңыздар. Әйтпесе, полицияға қайта-қайта шақыра береді сіздерді. Оны қайтесіздер кеткен зат кетті табылмайды деп полиция бізге кеңес берді.
Жиналғандар полицейлерге көңілі толмайтынын айтады. Олар әрекет етпейді, етсе де, нәтижесіз деп ренжиді.
Айкенже ӘЛМҰҚАНОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
4 ұрлық болды бір айда. Ал, 4 айда 10 ұрлық болып отыр. Бір адамды да тауып жатқан жоқ. Бізге жетіспейді полицейскейлер жетіспейді. Олар айтады бізде штат кішкентай дейді. Бірақ біздің не кінәміз бар? Жарайды ұрлағаны бас садақа дейміз біз қазақтың сөзі ғой енді. Ал енді өмірімізді қалай сақтаймыз? Не жасаумыз керек? Қалай түсіндіріміз керек? Соны полицейлерге жеткізе алмай отырмыз.
Ал полицейлер жүйелі түрде жұмыс жүргізіп жатқанын айтады. Былтыр 25 жағдай тіркелген.
Гүлнара ТЕМІРХАНҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қабылданған шаралардың негізінде 8 пәтер ұрлығы ашылып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды. Қалған қылмыстар бойынша күдікті адамдарды анықтау жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
Тұрғындар сондай-ақ, көшелер жарықтандырылса және бейнекамералар орнатылса дейді. Сонда ғана қорқыныш сейілер еді дейді.
Д. Оңласын