«Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы мемлекетімізге жаңа леп әкеледі». Алда келе жатқан саяси науқанға қатысты халықтың пікірі осындай. Тұрғындар халықтың қамын ойлайтын жарқын тұлғаларды, соның ішінде жас буынды көргісі келеді. Болашақ депутаттар ел ішіндегі түйткілді мәселелерді көтеріп, оң шешімін табуға атсалысады деп сенеді. Сонымен қатар, олар жаңа мажоритарлық жүйені қолдайтындарын айтады.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Жалпы бұл сайлауда бәсекелестіктің болуы Қазақстанға жаңа леп береді деп сенеміз. Бұл сайлаудан әділдікті күтеміз. Бұрын тек партиялар өз-өзін ұсына алатын болса, биылдан бастап әр адам өзінің кандидатурасын ұсына алады екен. Бұл таңдаудың кеңірек болатынына мүмкіндік береді деп ойлаймын.
- Бұл сайлаудан көп нәрсе күтеміз. Әділ өтетініне мен кәміл сенемін. Халқымызды көркейтетін, елімізді жаңартатын жаңа тұлғалар келсе екен деп ойлаймыз. Халық оған үміттеніп отыр.
- Әрбір саяси үрдісте заманға сай өзгерістер енгізілуі тиіс. Қазіргі сайлау қазақстандықтарға ауадай қажет. Әсіресе, жастар бұл додада белсенді болуы тиіс. Біздің жүйеге жаңа идеялар қажет. Біз кейінгі ұрпақ өкілдері жастарға мол сенім білдіреміз.
- Сайлауға мажоритарлық жүйенің енгізілгені жақсы. Бірақ өзін өзі ұсынғандардың үлесі отыз пайыздан аспауы тиіс деп есептеймін. Себебі, партияның қатарында тәртіп бар. Биліктің басында партияның тұрғаны дұрыс деп есептеймін
- Кім еңбекте жақсы көрінді, бұрынғыдай, қабілеті бар, экономиканы жақсы білетін, елге қызмет істей алатын адамды табу керек, халық соны сайлау керек.
- Белсенді адамдар келу керек, жастар келу керек деп ойлаймын. Адекватный, өзінің халқын ойлайтын
- Халықтың мәселесін шешсе болды, жағдайын жасаса болды. Көп балалы аналарға, мүгедек балаларға, зейнеткерлерге жағдай жасаса болды. Сайлаудан қалып көрген жоқпын, өзімнің жүрегім қалаған адамға дауыс беріп жүрмін.
М. Жақан