$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«AMANAT» партиясының кезектен тыс Съезі 7 ақпанда өтеді

AstanaTV
31.01.2023ж. 10:15
1290
«AMANAT» партиясының кезектен тыс Съезі 7 ақпанда өтеді

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXV Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев Facebook парақшасында мәлімдеді.

Съезд 7 ақпанда Астана қаласында өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның Орталық аппараты өңірлік филиалдарымен бірге дайындық жұмысын бастады.