Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мектеп күзетшісі газға уланып қалды

AstanaTV
31.01.2023ж. 10:38
1251
Мектеп күзетшісі газға уланып қалды

Оралда мектеп күзетшісі көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға түсті. БҚО полиция департаментінің ақпаратынша, түнде мектептің екінші қабатында түтін шыққан. Ал күзетші оны өзі жоймақ болған көрінеді. Алайда, ол газға уланып қалған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Мектепте сабақ тоқтады. Балалар бүгін онлайн білім алуда. Алдын ала болжам бойынша, өрттің тұтануына электрдің қысқа тұйықталуы себеп болған.