$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Әлемдік сән фестивалінің финалы Қазақстанда өтетін болды

AstanaTV
26.10.2016ж. 20:00
2315
Әлемдік сән фестивалінің финалы Қазақстанда өтетін болды

Әлемдік сән және сұлулық фестивалінің гранд финалын өткізу мәртебесі Азия елдерінің арасында бірінші болып Қазақстанға беріліп отыр. Байқауға 6 мен 28 жас аралығындағы өнерпаздар қатысады деп жоспарланған.

Бұл туралы Астана қалалық әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Шараны ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, ТМД елдерінде өткен сұлулық сайыстарының жеңімпаздары бақ сынамақ. Сондай ақ, дизайнерлер мен модельерлер қатыса алады. Сән фестивалінің гранд финалы Астанада қарашаның 2-сі мен 6-сы аралығында өтеді.

Гүлнар Жунусова, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі:

Жыл сайын бұл байқау Еуропа мен ТМД елдерінде ұйымдастырылады. Ақтық сын, яғни гранд финал АҚШ-та, Италияда, Францияда, Корея мен Вьетнамда өтіп келген еді. Биыл Астанада өткізілсе деген ұсыныс түсті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында келісім бердік. Байқауға әлемнің 20-дан астам елінен қатысушылар келеді.

Ерлан Көкеев, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі:

Кез келген мемлекетті мәдениетіне қарап бағалауға болады. Біздің елде қонақтарға мақтанып көрсететін тұстарымыз бар. Ол мәдениетімізде болсын, өнерімізде болсын. Әлемге әйгілі брендтердің келуі, қызығушылық танытуы Қазақстанда көрсеткіштердің жоғары екенін білдіреді. 

Айбек ҚОСАНОВ