Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Самұрық-Қазына» қоры жекешелендіру бағдарламасы аясында құны 7,4 млрд теңге болатын 39 активті сатты

AstanaTV
27.10.2016ж. 20:00
1748
«Самұрық-Қазына» қоры жекешелендіру бағдарламасы аясында құны 7,4 млрд теңге болатын 39 активті сатты

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жекешелендіру бағдарламасы аясында жалпы құны 7,4 млрд теңге болатын 39 активті сатты. Елбасының қабылдауында болған қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев осылай деп есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Самұрық-Қазынаның» басшысы Президентке жекешелендіру науқаны барысы жайлы да әңгімеледі. Мұнан бөлек трансформациялау бағдарламаларының іске асырылуы төңірегіндегі жұмыстарды баяндады.  Жекешелендіру бағдарламасы аясында әл-ауқат қоры тобындағы 216 нысанды бәсекелі ортаға шығару жоспарланып отыр. Экономиканы жаңғырту бойынша мемлекеттік комиссия 133 активтің сатылу әдісін мақұлдаған. Өмірзақ Шөкеев қордың табысы былтырғы жылмен салыстырғанда 15%-ға өскенін атап өтті.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ АҚ басқарма төрағасы:

Мұнай саласында, газ саласында өнім деңгейі бірден бес пайызға дейін биыл өсім көрсететінін көзіміз жетіп отыр. Жалпы табыс 405 млрд құрап отыр осы 9 айдың қорытындысы бойынша. Трансформация барысы туралы, жаңа кадрлық саясат жүріп жатыр, үлкен реформалар біздің «Самұрық-Қазына» қорында, еншілес компанияларда, сол процестер турлы толық мағлұмат берілді.