Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Шығыста көктайғақ болып, бірнеше жолаушылар көлігі соқтығысты

AstanaTV
26.10.2016ж. 20:00
3165
Шығыста көктайғақ болып, бірнеше жолаушылар көлігі соқтығысты

Шығыста көктайғақ болып, бірнеше жолаушылар көлігі соқтығысты. Салдарынан 6 жолаушы зардап шеккен. Барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Серебрянск - Өскемен бағытында жолға шыққан автобустың жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қоғамдық көлік жолдан шығып кеткен.

Бүгінде облыс орталығында қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жетті. 10 сағат бойы жауған қар көлік қозғалысына едәуір кедергі келтіріп, бірнеше жол апатына себепші болған. Тағы бір апатта жанармай тасымалдаушы көлік автобуспен бетпе-бет соқтысты. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Облыстық ІІД мәліметінше, автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарама-қарсы жолға шығып кеткен. 55 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Енді бір қоғамдық көлік бұрыламын дегенде, дөңгелегі босап кеткен. Жолаушылар дін-аман. Ауа райының күрт өзгеруі кептеліске әкеліп соқтырған, соның салдарынан жол тазалайтын техника жұмысын жедел атқара алмай жатыр.

Асқар Жақсылықов, Өскемен қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Көліктер қысқы дөңгелектерге уақытылы ауыстырылмаған. Жазғы және қысқы жылдамдықтың айырмашылығы бар. Халық ара қашықтықты сақтамай, жол қауіпсіздік ережесін жиі бұзып отыр. Қар қалың жауғанда, құм сепкеннен пайда аз. Одан да жолды қардан барынша тазартуға тырысқан жөн.