Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ҚХР мен Қазақстанның бірлескен кәсіпорындарын қаржыландыру әр түрлі болмақ - ҚР ҚХР елшісі

AstanaTV
01.11.2016ж. 20:00
2525
ҚХР мен Қазақстанның бірлескен кәсіпорындарын қаржыландыру әр түрлі болмақ - ҚР ҚХР елшісі

Қытай мен Қазақстанның бірлескен кәсіпорындарын қаржыландыру әртүрлі болмақ. Бұл туралы СІМ өткен брифингте Қазақстанның Қытайдағы елшісі мәлімдеді. Оның сөзінше, әр бағдарлама әр түрлі қаржыландыруды қажет етеді. Қаржыландыру қос тараптан да жүретіні белгілі, алайда, бірыңғай жүйе қарастырылмаған, - деді елші. Қазіргі уақытта әр жоба немесе кәсіпорын Инвестициялық даму министрлігімен Қытайдың реформаларды дамыту мақсатындағы мемлекеттік комитеті тарапынан қатаң мониторингтен өтіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан территориясында Қытаймен бірлесіп құны 26 млрд долларды құрайтын 51 кәсіпорын салынбақ.

Шахрат Нурышев, Қазақстанның ҚХР елшісі:

Қаржыландыру мәселесіне келсек, әр бағдарлама бойынша схемасы әр түрлі. Бағдарламалар түгел енді деген сөз жоқ. Барлық бағдарламалар 50 де 50 немесе 75 те 25 жүйесімен қаржыландырылуда. Яғни әр бағдарлама бойынша жеке-жеке қараймыз. Кей жерде «Жібек жолы» қорының қаржысы жұмылдырылып жатса, бір жерде Қазақстанның мемлекеттік даму банкі жартылай қаражат бөлді. Жалпы айтқанда, схемасы мен формасы әр түрлі.

Бұл тараптағы жұмыстар Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасайтын іссапарынан кейін жанданады деп жоспарланған. Аспан асты елінің төрағасы Астанаға келер жылдың шілдесінде, ЭКСПО-ның ашылуы мен ШЫҰ саммитіне қарай келеді деген жоспар бар. Айта кетейік, Қытай халықаралық көрмеге қатысуға алғаш өтініш берген елдер қатарында. Кеше жаңалықтарымызда айтқандай, бұл ел өз павильонының орнын белгілеп, комиссарын да сайлап қойған.     

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ