$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Польшада жүр

AstanaTV
22.08.2016ж. 20:00
2373
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Польшада жүр

Қазақстан мен Польша арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынас нығая түспек. Бүгін ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Варшаваға барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан басшысын Польша президенті Анджей Дуда бастаған ресми делегация қарсы алды. Салтанатты рәсімде екі елдің әнұрандары орындалып, Қазақстан Президентіне сарбаздар мен офицерлер құрмет көрсетті. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Анджей Дуданың кездесуі өтті. Сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды. Мемлекет басшысы Варшавада Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтіп бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады.  

Құралай ПИОНЕР