Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шымкент зообағында арыстан күшіктеп, гну төлдеді

AstanaTV
19.08.2016ж. 20:00
3316
Шымкент зообағында арыстан күшіктеп, гну төлдеді

Шымкенттегі хайуанаттар бағын мекендеушілер көбейді. Эльза атты арыстан жуырда екі бірдей абаданды өмірге алып келді. Әзірге күшіктер мен анасы қысқы вольерде. Тағы 15-20 күндей көпшілік көзінен тасада болады. Өйткені арыстан ашуланса, күшіктерінен жерініп, не өлтіріп қоюы мүмкін, - дейді мамандар.

Латипша Әлиев, «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» МКҚК директорының орынбасары:

Мазасын алсақ, анасы оған тамақ бермесе, қиын оны бағу. Сол үшін ешкімді кіргізбей, ешкімге көрстепей жатырмыз.

Жуырда хайуанаттар бағындағы екі көгілдір гну да төлдеген. Олар қызыл кітапқа енген жануарлар. Үш жыл бұрын әкелінген гнудың бұл түрі осымен екінші рет көбейіп отыр. Кішкентай төлдер зообаққа келушілердің назарын бірден өздеріне аударады. Әсіресе, жас балалар қызықтап жүр. Оңтүстік-шығыс Африка жерінде кең таралған жануарға еліміздегі өзге зообақтардан "құда түсушілер" көп көрінеді. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ