Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Оралдықтар басқа өңірлерде борышын өтеп жүрген балаларымен ғаламтор арқылы тілдесті

AstanaTV
22.08.2016ж. 20:00
2294
Оралдықтар басқа өңірлерде борышын өтеп жүрген балаларымен ғаламтор арқылы тілдесті

Оралдықтар басқа өңірлерде әскери борышын өтеп жүрген балаларымен онлайн жүйе арқылы амандық сұрасуға мүмкіндік алды. Қаладағы 5517 әскери бөлімі арнайы ұйымдастырған шара көптің көңілінен шыққан тәрізді.  Азаматтық борышын өтеп жүрген ұлын ғаламтор арқылы экраннан көрген ата-ананың қуанышында шек жоқ. Олар бұл бастаманы шын көңілдерімен құптайды. 

Жәмиға Мұхамбетиярова, Орал қаласының тұрғыны:

Жақсымын дейді, қайдан білейін енді? Әйтеуір жаманмын деп айтпайды. Суреттерін жібереді. Телефонмен сөйлесіп тұрамын. Аманмын дейді, аздап жүдепті ғой. Соны күтіп жатырмын. Сексенге келдім, соны күтіп жүрмін, шаршап жүрмін, өліп қалам ба деп қорқып жүрмін. Баламды көрейін деп қой баяғы.

Мұхаметқали Сатов, ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары:

Қазір әскери бөлім базасында ата-аналар мен жауынгерлер арасында онлайн-байланыс орнатуды апта сайын өткізуді ойластырып отырмыз. Болашақта бұл мәселені әскери бөлімдердің командирлерімен бірге қарастыратын боламыз.