Базар
шатыры құлап, қалың қар астында қалған алматылық екі азаматтың денсаулығына
төніп тұрған қауіп жоқ. Дер кезінде
ем-дом көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Бұл туралы Алматы қаласының бас хирургы
Нұржан Исабеков мәлімдеді.
Оқыс
оқиға кеше түскі сағат 12-лер шамасында орын алған еді. Шахардағы «Байсат»
базарының ыдыс-аяқ сататын қатарындағы
шатыр қалың қарды көтере алмай опырылып түскен. Салдарынан 18 бен 54 жастағы екі азамат жарақат алды.
Нұржан Исабеков, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы:
Апат
болған жерден екі науқасқа көмек көрсетілді. Бір науқас жәрдем көрсетілгеннен
кейін ауруханаға жатудан бас тартты. Бір науқас 4-ші ауруханаға жеткізілді. Ол науқасты көргеннен
кейін қол сүйегі жарақаты байқалғаннан
кейін, зерттеп амбулаторлық ем
тағайындалып, үйіне жіберілді.
Бас
хирургтың сөзінше, мегаполистегі ауа-райының қолайсыздығынан соңғы үш күнде 71
адам дене жарақатын алған. Қаладағы бес травматология бөлімі аяғы тайып, түрлі
дене жарақаттарын алған жандарға ем көрсетуде. Айта кетейік, соңғы 3
тәулікте Алматыда жауған қардың қалыңдығы
60 сантиметрге жеткен. Қарды тазалау жұмыстарына 4500-дей адам жұмылдырылды.