$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Жамбылда индустрияландырудың екінші бес жылдығы аясында 27 инвестициялық жоба іске аспақ

AstanaTV
11.04.2016ж. 20:00
1381
Жамбылда индустрияландырудың екінші бес жылдығы аясында 27 инвестициялық жоба іске аспақ

Жамбылда индустрияландырудың екінші бес жылдығы аясында 581 млрд теңгені құрайтын 27 инвестициялық жоба іске аспақ. Алты жарым мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев «100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау барысы жайлы болған брифингте айтты.

Ұлт жоспарының аса ауқымды бағыты - Индустрияландыру және экономикалық өсім. Бұл бағыт бойынша «жүздік құжаттың» ішінде 50 қадам қамтылған. Бұған дейін облыста индустрияландыру бағдарламасымен Қаратау қаласында натрий цианидін шығарушы серіктестік ашылған еді. Бұл еліміз бойынша осы бағытта өнім өндіретін жалғыз зауыт. Жобалық қуаттылығы бойынша жылына 15 мың тонна өнім өндіретін кәсіпорын әлі де болса өз межесіне жете алмай келеді. Былтыр 2 тонна өнім алумен шектелген. Облыс әкімі мұның себебін түсіндірді.

Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі:

Биылға әлі де болса мұның межесі келе алмай жатыр. 15 мың тонна ала алмаймыз ба деп отырмыз. Биылға жоспарлап отырғанымыз - 5 мың тонна. Бұрын өзбек газын алып отырғанбыз. Енді қазір «Базойдан» газ келіп жатқанына байланысты, соның қысымы кедергі болып отыр. Енді соны Қытай инвесторлары келіп, жөндеп беретін болса, биыл біз 5 мың, ендігі жылы 15 мың тоннаға шығамыз деп отырмыз. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ