Спорт Қазақстан
$450.8 €486.77 ₽4.88
×

Астанада «Жастар жалыны - 2016» шығармашылық фестивалі өтіп жатыр

AstanaTV
11.04.2016ж. 20:00
1633
Астанада «Жастар жалыны - 2016» шығармашылық фестивалі өтіп жатыр

Астанада «Жастар жалыны - 2016» шығармашылық фестивалі өтіп жатыр. Елорда студенттері арасында өтетін дәстүрлі шараға қатысуға биыл 26 оқу орынынан мыңға тарта үміткер ниет танытқан.  10 аталым бойынша үздіктер анықталуы тиіс. Фестивальді Астана қаласының жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырып отыр.

Бірі домбырасын, енді бірі әнін қайталап тұрған бұл жастарға артылған міндет ауыр. Өнерпаздар өзінің ғана емес, бүтін оқу орынының да абыройын қорғауы тиіс. Еркегүл Съезхан - Елордадағы Қазақ технология және бизнес университетінің 3-ші курс студенті. Шағармашылық жастар фестиваліне бұған дейін де қатысқан. 

Еркегүл Съезхан, байқауға қатысушы:

Біздің университеттің атын шығаруға және өзімнің мүмкіншілігімді, болашақтағы жоспарымды орындау үшін үлкен талаппен, еңбекпен дайындалып келдім. Халық әні «Дудар-айды» дайындап келдім.

«Жастар жалыны - 2016» фестивалі биыл «Эстрадалық вокал» аталымы бойынша үздіктерді анықтаумен басталды. Шараға Астанадағы 26 оқу орынынан мыңнан астам өнерпаз қатысуға ниет білдірген. 10 аталым бойынша жарыс өтеді. Биыл ауқымы да кеңейтіліп, «Үздік волонтерлік жоба», «Авторлық оқу», «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық және «Квест» шытырман ойынды сайыстары да қосылып отыр.

Аян Сакошев, «Жас Отан» жастар қанаты хатшылығының жетекшісі:

Шара бізде бір жұма қатарынан өтеді. 8-13-не дейін. 13-күні біздің Елордадағы Хонгресс-холда үлкен концерт өтетін болады. Барлық жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар табысталып, жүлдеге ие болған студенттер марапатталады.

«Жастар жалыны» шығармашылық фестивалі 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған Астана қаласының жастар саясаты жөніндегі басқармасы қолдау танытқан. Негізгі ұйымдастырушы - «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты. Биылғы фестиваль ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне де арналып отыр.

Құралай ПИОНЕР