Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуропа мемлекеттеріне сапары жалғасуда. Мемлекет басшысы
Польшадан соң іле- шала Сербияға аттанды. Онда Қазақстан басшысы Сербия президенті Томислав Николичпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі
хабарлайды.
Қос ел президенттері өзара сауда-экономикалық және
мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынас жайын талқылады. Әлемде болып
жатқан жағдайлар жөнінде де пікір алмасты. "Сербия - еліміздің маңызды
серіктесі" деген Мемлекет басшысы, екі ел арасында түрлі салалар бойынша
өзара түсіністік орын алып отырғанын атады. Қос ел ауыл шаруашылығы,
металлургия, құрылыс, медицина және фармацевтика салаларында ынтымақтасуға
ниетті.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер арасындағы достықты
нығайтуға қосқан үлесі үшін Сербия президентін I дәрежелі «Достық» орденімен
марапаттады. Сондай-ақ Елбасы Белград қаласында Жамбыл Жабаевтың ескерткішінің
салтанатты ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланған.