Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Италиядағы жер сілкінісінен 21 адам ажал құшты

AstanaTV
24.08.2016ж. 20:00
2452
Италиядағы  жер сілкінісінен 21 адам ажал құшты

Италиядағы зілзаладан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме таратты.

Елдің оңтүстік-шығысында 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелген-ді. Соңғы ақпарға сәйкес, 21 адам ажал құшқан. Көптеген тұрғын жараланды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Перуджа қаласының маңындағы 3 бірдей ауыл зардап шекті. Жерасты дүмпуінің әсері ел астанасы Римде де айтарлықтай сезілген. Зілзала ошағы - Риетти провинциясында. Табиғи апаттың әлі де қайталануы мүмкін екені ескертілді.

Перуджа аймағында 2009 жылы дәл осындай жер сілкінісі тіркелген. Онда 300-ден астам адам зардап шегіп, мыңдаған үй қирап қалған. 

Құралай ПИОНЕР