Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Таразда нан бағасын негізсіз көтергендерге қатысты тексеру жұмыстары басталды

AstanaTV
24.08.2016ж. 20:00
2096
Таразда нан бағасын негізсіз көтергендерге қатысты тексеру жұмыстары басталды

Таразда нан бағасын көтергендерге қатысты тексеру басталды. Енді өнімнің құнын аспандатып жібергендерге айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктікті қорғау комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары айтты. Қазір тиісті орындарға сұраныс хаттар жолданған.

Руслан Берік, ТМР және бәсекелестікті қорғау комитеті ЖО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

Ұнның бағасы қанша теңгемен алынады, көлемі қандай, сол бойынша анықталады. Осы келесі аптаның басында сол сұранысқа жауап алғаннан кейін, толық мәлімет бере аламыз. Негізсіз көтергені анықталған жағадайда, біз тергеу амалдарын жүргіземіз. Тергеп, тексеру монополияға қарсы заңнамаларды бұзу бойынша.

Жамбыл облысында кеше нан бағасы 10 теңгеге қымбаттаған. Ал, кейбір жерлерде өнім құнына 15 теңге қосылып, 65-70-тен сатылуда. Облыста нанға бекітілген ортақ баға 55 теңге болатын. Бүгінде Тараз қаласы бойынша 10 наубайхана жұмыс істейді. Соның ішінде ең ірі деген 4 наубайхана бағаны көтерген. Қалған алтауы нанды дүкендерге бұрынғы бағамен беруде. Өнім құнының бұлай өсуін ауыл шаруашылығы басқармасы басшылары тұрақтандыру қорынан бөлінетін ұнның тоқтатылуымен түсіндірді. Бірақ, бұл нанның бірден 10 теңгеге қымбаттауына себеп болмауы тиіс дейді. Жамбыл облысы еліміздегі табыс мөлшері төмен аймақ саналады. Тұрғындар үшін бұл қымбатшылық қалтаға салмақ түсіргелі тұр.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ