Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әлем чемпионына қызметтік пәтер берілді

AstanaTV
04.02.2023ж. 21:01
1459
Әлем чемпионына қызметтік пәтер берілді

Бүгін Петропавлда парашаңғы спортынан әлем чемпионы Ербол Хамитовқа құрмет көрсетілді. Бұл туралы облыс әкімі мәлімдеді.

Еске сала кетейік, қазақстандық Ербол Хамитовтың парашаңғыдан әлем чемпионы атанғанын жазған едік. Ол осы жарыста тағы екі медаль жеңіп алды. Айта кету керек, бұл - Қазақстан парашаңғы спорты тарихындағы алғашқы алтын жүлде. Қазақстан құрамасының сапындағы жеті спортшының төртеуі Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері болды.

«Жас спортшыларға үлгі болып, қайсарлық пен табандылық танытқан параатлеттер мен олардың бапкерлеріне алғыс білдіремін. Ербол Хамитовтың ата-анасы Ғалымкерей Құсайынов пен Ғалия Алпыспаеваға да ұлын тәрбиелеп, чемпион өсіргені, өмірдегі барлық қиындықтарды жеңіп шыққаны үшін алғыс айттым», - деп жазды әкім Айдарбек Сапаров.

Марапаттау рәсімінде Ербол Хамитовке ақшалай сыйақы мен қызметтік пәтердің кілті тапсырылды. Спортшылар мен жаттықтырушылар естелік сыйлықтар мен алғыс хат алды.