Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Өтінім бергендер 60 күннің ішінде көлік алады

AstanaTV
06.02.2023ж. 15:56
1236
Өтінім бергендер 60 күннің ішінде көлік алады

4 пайыздық автонесиеге өтінім беруге арналған сайтқа 1 милиионнан астам адам кірген. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты. Оның сөзінше, өтінімдер бойынша несие рәсімдеу 60 күннен аспауы керек. «Несиемен автокөлік алу жұмыстары 60 күннің ішінде аяқталуға тиіс. Бүгін палтформаға тіркелгеннен кейін өтініш беруші автосалонға және банкке барып, өз жұмыстарын жалғастырады. Осы платформа арқылы тіркелген азаматтарға 60 күннің ішінде автокөлікпен қамтамсыз ету жоспарланып отыр», - деді ол.  

Жанар ИБРАШЕВА, "ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізі сайтқа 1 миллионнан астам пайдаланушы кірді. Оның ішінде өтінім берген 125 мыңнан астам азамат тіркелді. Осы платформаға еліміздің барлық аймақтарынан өтініштер түсті. Бағдарлама іске асырылғаннан бері осы уақытқа дейін жиналған қаражат 7,6 млрд теңге болды. Револьерлік механизм болғандықтан, жалпы 761 адам тіркеледі деп жоспарланған.