Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Доллар арзандап жатыр

AstanaTV
06.02.2023ж. 16:09
830
Доллар арзандап жатыр

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,91 теңгеге төмендеп, 457,70 теңге болғанын мәлімдеді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 67,51 теңге (-0,45) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Рубльмен сауда біткен жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 501,3 теңге, рубльді 6,52 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 459-463 теңге, еуро 494-499 теңге, ресей рублі 6,2-6,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

 Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 458,5 теңге, сатып алу – 463 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 457,5 теңге, сатып алу – 460,5 теңге.

Ресей рублі 6,25 – 6,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Қор нарығында доллар бағамы өткен аптадан бері арзандап жатыр.