Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бізге бәсекеге қабілетті білім керек – Асхат Аймағамбетов

AstanaTV
07.02.2023ж. 12:23
1522
Бізге бәсекеге қабілетті білім керек – Асхат Аймағамбетов

«AMANAT» партиясының мүшесі, бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Болашағымыз жарқын болуы үшін бәсекеге қабілетті болуымыз қажет. Ол үшін саяси реформаларды, білім мен ғылымды дамыту қажет. Бізге бәсекеге қабілетті білім керек. Біз, Әділетті Қазақстан дегенде кейде оған тұтынушы ретінде қараймыз. Өзімен өзі бір заң немесе шешім арқылы Әділеттілік пен заңдылық пайда болатын сияқты. Ол тек Президент, Үкімет, Әкімдіктің жұмысы сияқты болып тұрады. Анығында олай емес. Әділетті Қазақстанды құру үшін қоғамның барлығы түгел жұмылдыруы керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

Ол  алдымызда үлкен науқан барлығы үшін үлкен сынақ екенін айтты.

«Біз осы сынақтан сүрінбей өтеміз деген үміттемін. Қазір партия өзгеріп жатыр. Биыл депутаттыққа қатысатындардың 75 пайызы жаңа адамдар. Олар - белсенді, өз ісінің мамандары. Осы адамдар еліміздің болашағын өзгертеді деп ойлаймын. Жаңадан келген депутаттар халықтың мұң-мұқтажын айтып, біздің елімізді әрі қарай дамыту үшін септігін тигізеді деп ойлаймын. Партия, қоғам, заңдар өзгеріп жатыр. Біз де өзгереміз. Әрі қарай оң өзгерістер оңынан болады деп үміттенемін», - деді ол.