$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Құс етінің сапасын арттырмақ болғандар енді айыппұл арқалайды

AstanaTV
07.02.2023ж. 20:00
511
Құс етінің сапасын арттырмақ болғандар енді айыппұл арқалайды

Елімізде құс етін сумен толтырып қатыруға тыйым салынды. Етті жібіткеннен кейін ылғалдың бөліну жылдамдығы да белгілі болды. Оның үлесі 4 проценттен аспауы керек. Сондай-ақ, өңделген құс етінің дәмін кіргіземін деп қолдан тағамдық қоспаларды фосфаттарды, консерванттарды және дәм күшейткіштерді қолдануға болмайды. Талаптарды бұзған өндірушілер 600 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайды.

Қуаныш ЕЛІКБАЕВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бірыңғай техникалық регламент құс етін сумен толтыруға, тағамдық қоспаларды, оның ішінде фосфаттарды, сондай-ақ консерванттар мен дәм күшейткіштерді енгізуге тікелей тыйым салуды көздейді, жібіткеннен кейін бөлінетін ылғалдың нормасы 4 пайыздан аспайды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін маңызды басқа да талаптар бар.

Р. Бақытжанқызы


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах