Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

2025 жылға дейін Қазақстанда зейнетақы төлемдерін арттыру жоспарлануда

AstanaTV
07.02.2023ж. 20:00
813
2025 жылға дейін Қазақстанда зейнетақы төлемдерін арттыру жоспарлануда

2025 жылға дейін Қазақстанда зейнетақы төлемдерін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Оның сөзінше, осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51 процентке дейін өседі. Яғни, жыл сайынғы өсуі шамамен 13 процентті құрап, екі миллион адамның зейнетақысы көбейеді.

Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54-тен 70 процентке дейін, ең жоғары - 100-ден 120 процентке дейін арттыру жоспарланып отыр. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыс мөлшерін жаңадан кіретін зейнеткерлер үшін 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту жоспары бар. Ұсынылған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 процентке арттыруға мүмкіндік береді.

Ә. Дүкембаева