Өзбекстан президенті
жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оған "миына қан құйылды" деген
диагноз қойған. Бұл туралы оның қызы Лола Каримова-Тилляева
Facebook-тегі парақшасында жазды.
Қазір оның жағдайы қалыпты. Ал кеше кешкісін
өзбек басшысының халі нашарлап кеткені жайлы ұлттық телеарна хабарлаған еді.
Елде Каримов билік жүргізген уақыт аралығында мұндай сипаттағы ақпарат алғаш
рет жарияланды. Өзбекстанның Конституциясына сай президенттің өкілеттігі мен
міндеттері уақытша сенат төрағасына жүктелуі тиіс. Егер осыдан соң мемлекет
басшысы өз міндетін ақтара алмаса, 3 ай аралығында елде президент сайлауы
өтеді. Парламент сенаты төрағасы қызметін өткен жылдың қаңтар айынан бері
Нигматилла Юлдашев атқарып келеді.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА