Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады

AstanaTV
29.08.2016ж. 20:00
3127
Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Онда қырғыз азаматтарының қазасын зор күйзеліспен қабылдап, қайғыға ортақтасып, өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтқан.

Бүгін айырқалпақты ағайын аза тұтып жатыр. Астанадағы қырғыз елшілігінде де ту төмен түсірілді. Бауырлас елдің қайғысына ортақтасқан қазақстандықтар гүл шоқтарын қойып, әлеуметтік желілер арқылы да көңіл айтып жатыр.

Естеріңізге салайық, Мәскеу баспаханасындағы өрт сенбі күні тұтанған болатын. Тілсіз жаудан барлығы 17 адам ажал құшты. 14-і қырғыз азаматшасы болып шықты. Ресей тергеу комитеті өртке байланысты қылмыстық іс қозғады.