Грузия
әуежайында тосылған қазақ туристерінің алды бүгін түнде елге оралады. Мұндай
ақпарды «Skybus» әуе компаниясының бас директоры Александр Белобородов жетікізіп
отыр. Жолаушыларды «Bekair» жеткізуге келіскен. Қазір ұшақ дайын, тек Батумиға
шығуға рұқсат күтіп тұр екен.
Александр
Белобородов, «SKYBUS» компаниясының бас директоры:
Түнде
кері ұшады. Қазір қажетті құжаттар реттеліп, рұқсат алу жағы қарастырылып отыр.
Иә, «Bekair» шығады. 140 адамның жүзге жуығы ғана жетікізіледі. Одан кейін
бірден қалғанын жетікіземіз.
Айта
кетсек, Батуми әуежайында 4 күннен бері 140 отандасымыз елге қайта алмай отыр.
Оған себеп - «Skybus» әуе компаниясына тиесілі ұшақтың кері шықпай қалуы. Әзірге
«чартерлік рейстің тосылуына техникалық ахуал кедергі болған» деген ақпар бар. Іске
Сыртқы істер министрлігі де араласты. Қазақстандықтар қонақ үйлерге уақытша
жайғастырылған. Тек туристердің бұған көңілдері толмай отыр.
Виталий
Несіпбаев, турист:
Біз
жұма күні-ақ үйге ұшуымыз керек еді. Бірақ әуежайға жеткенде, турагенттіктен
смс келді. Рейс шықпайды деген. Себебі түсіндірген жоқ. Үш күн болды, қаңғырып
қалдық. Қонақ үй ақшысын төледік
деген. Тек ондағы қызметкерлер, тұру ақысы болмаса, тамаққа аз берілді, деді. Екі
адамға шаққанда, күніне 1500 теңге. Қайдан білейік бұлай боларын, ақшамызға
кетерде сувенирлер алып тастап едік.
Құралай ПИОНЕР