Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Былтыр 3 өңірде туу көрсеткіші жоғары болды – ұлттық статистика

AstanaTV
11.02.2023ж. 12:12
1495
Былтыр 3 өңірде туу көрсеткіші жоғары болды – ұлттық статистика

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда еліміздің 3 өңірінде туу көрскеткіші жоғары болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлімдеді.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 19 765 004 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам.

Өткен бір жылда Қазақстанда 403,5 мың сәби (450,7 мың адам – 2021 ж) дүниеге келді, оның ішінде 208 мыңы – ұлдар, 195,5 мыңы – қыздар. Туу коэффициенті 1000 адамға 20,28 құрады. Аталған кезеңде қайтыс болғандар саны 134,7 мың адамды құрады, бұл ретте 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім коэффициенті – 6,77. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 2022 жылдың 12 айында 268,8 мың адамды құрады (2020 жылы – 263 мың, 2021 жылы – 267 мың).

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан облыстарында (1000 тұрғынға 27,23 адам) және Шымкент қаласында (1000 тұрғынға 26,34 адам) байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі – Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға 11,84), Шығыс Қазақстан (1000 тұрғынға 11,71) және Қостанай облыстарында (1000 тұрғынға 10,82) байқалды, бұл осы өңірлер халқының жас құрылымына байланысты.