Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жамбыл облысы: 150 жеңіл, 250 жүк көлігі, 30 автобус жиналып қалды

AstanaTV
11.02.2023ж. 18:00
1116
Жамбыл облысы: 150 жеңіл, 250 жүк көлігі, 30 автобус жиналып қалды

11 ақпанда Жамбыл ауданында "Алматы-Термез-Ташкент" тас жолының жабық учаскесінің алдында 534-593 км) 150 жеңіл, 250 жүк көлігі және 30 жолаушылар автобусы жиналып қалды.

Жамбыл ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.

АМО бригадасы 15 адамға (қысым, бас ауруы, стресс) медициналық көмек көрсетті. Облыстық ТЖД-да жедел штаб ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, "жедел желі " телефоны ашылды": 8(7262)513575, 514167.