Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қырғызстандағы Қытай елшілігінің маңында болған жарылысқа қатысты ҚР СІМ үндеу жасады

AstanaTV
31.08.2016ж. 20:00
3050
Қырғызстандағы Қытай елшілігінің маңында болған жарылысқа қатысты ҚР СІМ үндеу жасады

Қазақстан Қырғызстанда болған терактіні қатаң айыптайды. СІМ таратқан мәлімдемеде Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі өткір тұрғаны айтылған. Сондықтан «бұл террорлық әрекеттің кез келген түріне біріге тойтарыс беру керектігінің тағы бір дәлелі» делінген.

Бүгін ақпарат құралдары Астанадағы қырғыз елшілігі қауіпсіздікті күшейтті деп жазды. Қытай дипмиссиясы да сақтық шараларын қолға алған. Ал жексенбіде Бішкектегі Қытай елшілігі алдында болған жарылыстан 2 қырғыз азаматы жараланған. Қытай дипломаттарының ешбірі зардап шекпеген. Елшілікке Mitsubishi Delica автокөлігімен баса көктеп кірген жанкешті өзін-өзі жарып жіберген болатын. Ал мұны ел билігі теракт деп мәлімдеді.