Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Өзбекстан Үкіметі: елде Тәуелсіздік күні тойланады

AstanaTV
31.08.2016ж. 20:00
2966
Өзбекстан Үкіметі: елде Тәуелсіздік күні тойланады

Өзбекстанда Тәуелсіздік күні тойланады, яғни "Ислам Кәрімовтің науқастануына орай мереке болмайтын болды" деген әңгіме - жалған. Бұл туралы «Астана» телеарнасына үкіметтің баспасөз қызметі өкілі хабарлады. Тек биыл мереке жылдағыдай барлық сән салтанатымен емес, сәл өзгешелеу күйде өтпек. Өзбекстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге барлық қалалар дайын. Мереке 1 қыркүйекке жоспарланған,- деп нақтылады үкіметтегілер. Бірақ бұл жолы мемлекет басшысы халықты тәуелсіздік мерейтойымен құттықтауға келе алмайтыны белгілі болды.

Өзбекстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі:

Барлық шаралар өтеді, тек алдын ала жоспарланғандай ауқымды емес. Қалаларда тиісті безендірулер жасалды, барлық саябақтарда мерекелік думандар мен жалпыхалықтық серуен өтеді. Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын мемлекет басшысы сөз сөйлеуі тиіс басты концерт қана биыл өткізілмейді.  

Еске салайық, өткен демалыс күндері Өзбекстан президенті жансақтау бөліміне түскен еді. Дәрігерлер "миына қан құйылды" деген диагноз қойған. Бұл туралы оның қызы Лола Каримова-Тилляева Facebook-тегі парақшасында жазды. Бүгінде өзбек басшысының денсаулығына қатысты бір біріне қарама қайшы түрлі ақпараттар тарап жатыр. Ал Өзбекстан президенті аппаратындағылар оның жағдайы қалыпты екенін хабарлады.   

Базаргүл ОТЫНШИЕВА