Оңтүстік
Қазақстанда «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен
ақпараттық насихат топ мүшелері ел аралап, жер реформасын түсіндіріп жүр.
Белсенді топ бүгін Манкент ауылындағы «ИП Шакиров» өндірістік кооперативінің
ұжымымен кездесті. Бұл жеміс-жидек пен көкөністерді консервілеумен айналысатын
аудандағы ірі өндіріс орындарының бірі.
Бір кездері бос жатқан жерді кәдеге
асырған шаруашылық қазір шаруасын дөңгелентіп отыр. Консервілеу цехы Сайрам
ауданы дихандарының өнімін терең өңдеуді кәсіп қылып отыр.
Айта кетейік, ауданның жер көлемі 118
мың гектарға жуықтайды. Ақпараттық насихат тобының мүшелері шілде мен тамыз айы аралығында 11 ауылдық
округте осындай кездесу ұйымдастырып, жер жайын халыққа жіті түсіндірді.
Жамалбек
Утаев, Сайрам аудандық мәслихат депутаты , «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Біздің
ақпараттық насихат тобы ел ішінде, жұмысшылар ішінде жер туралы мәселелердің қарастырылуы, бес
жылға жарияланған мораторий туралы іс шараларды жүргізіп отырмыз. Халық бұған
жақсы көзбен қарап жатыр. Бұл дер кезінде шешілген шешім деп ойлаймын. Өйткені
халық бұған оң көзбен қарап, ол көрілген мораторийді қолдап жатыр.
«ИП Шакиров » өндірістік кооперативі осыдан сегіз жыл бұрын бар болғаны 12 адаммен
жұмысын бастаған екен. Кәсіпорын бүгінде жергілікті 150 адамды еңбекпен қамтып
отыр. Мұнда қазір жұмыстың нағыз қызған шағы. Жеміс, көкөністердің оннан астам
түрі консервіленеді. Цех негізінен маусым кезінде жұмыс істейді. Жыл бойы
үздіксіз жұмыс істеу үшін арнайы сақтау қоймасын салу қажет. Сол кезде
дихандардың да табысы еселене түсер еді деген пікірде.
Санжар
Абдашимов, «ИП Шакиров» ӨК технологы:
Біз
ойлаймыз, қазір жер реформасы дұрыс шешім деп. Мысалы, бос жатқан жердің иесі
болуы керек. Ол жерде өнім өндірілсе, арзан, сапалы өзіміздің өнімдерді біз
осындай арзан бағамен, содан кейін өзіміз тұтынушыларға жеткіземіз деп
ойлаймын.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ