«Мажоритарлық сайлау жүйесі ауылдың мәселесін шешуге септеседі». Сарапшылар, осылай деп отыр. Әрбір өңірден сайланатын кандидаттар бағдарламаларына бес саусағындай білетін мәселелерді енгізеді. Оларды шешуге жұмыс жасайды.
Ауылдастарына ақылын айтып жүрген Ақылбек Арыстанов аудандық мәслихатта детутат болған. Жауапкершілік жүгін жақсы түсінеді. Биылғы сайлаудағы мажоритарлық жүйе оған таңсық емес. Сайлаушылар үшін де тиімді тұсы көп, дейді
Ақылбек АРЫСТАНОВ, ТАСБӨГЕТ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
Халық өзі сайлайды және де ол депутат халықтың үмітін ақтамаған жағдайда қайтарып мандатын қайтаруға құқылы. Сондықтан ол депутат халықтың мұң-мұқтажын уақытылы жеткізуге, соның орындалуына тірлік жасайды деп ойлаймын.
Сарапшылар мажоритарлық сайлау жүйесі ең алдымен халықтың сайлауға, билікке деген сенімін нығайтады деген пікірде. Жүйені жетілдіру арқылы халықтың сайлау мәдениетін эволюциялық түрде қалыптастырамыз дейді экономист Абай Шайнұров. Оның нәтижелі болатынан да сенімді.
Абай ШАЙНҰРОВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:
Экономикалық жағынан ерекшелігі сол аймақтың коммуналдық проблемаларын айтпағанда медициналық, білім саласы болсын, әлеуметтік сала болсын жанынан қорғауға, соны бюджетке енгізуге үлес қосады деп ойлаймын.
Сайлау үрдісіне пропорционалды және мажоритарлы жүйенің енгізілуі саяси аренада бәсекелестіктің дамуына жаңаша мүмкіндік береді. Яғни, жаңа тұлғалар шығады. Бастысы, халық қолынан іс келетін, мәселені бес саусақтай білетін адамын таңдайды.
Айнұр ИСАЕВА, ҚҰҚЫҚТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ PhD ДОКТОРЫ:
Тұрақты парламентті қалыптастыру үшін сенімін ояту керек азаматтардың. Можаритарлық жүйенің бір тиімділігі осында. Екінші, кандадат сайлауға қатысқан кезде біз пайыздармен бөлетін орынды. Қазір қатысып отырған екі кандаттың қайсысы көп дауыс жинады сол жеңген болып есептеледі. Ол дегеніміз дауыс берген кезде Сіздің дауысыңыз бір бюллетеннің өзі оның жеңімпаз болуына әсер етеді.
Еліміздегі сайлау жүйесін жетілдіру халыққа үміт пен сенім ұялатқандай. Бастысы сең қозғалды. Енді ел жалған «бұқарашылдарға» емес, ұлтжанды азаматтарға мүмкіндік сыйласа игі дейді сарапшылар.
М. Тоқтасынқызы