Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Төменгі сынып оқушылары бүгін онлайн оқиды

AstanaTV
15.02.2023ж. 08:02
568
Төменгі сынып оқушылары бүгін онлайн оқиды

Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін  0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды-деп хабарлайды қалалық білім бөлімі.

Соңғы тәулікте Қызылорда қаласында ауа райы құбылып тұр. Қар жауып, жолдың тайғақтығы аңғарылды.

Осыған байланысты қалалық білім бөлімі төменгі сыныптағылар онлайн оқитынын хабарлады.

«Қызылорда қаласы бойынша ауа райының қолайсыздығы байқалып отыр. Осыған байланысты 15 ақпанда 0-4 сыныптар аралығындағы оқушылар қашықтан оқытылады. Нәтижесінде қаладағы 55 мектеп пен жеке мектептердің бастауыш сыныптары сабақты қашықтан оқиды», - деп жазылған қалалық білім бөлімі таратқан хабарламада.