$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Түркиядағы зілзала: 205 сағаттан соң үйінді астынан әйел құтқарылды

AstanaTV
15.02.2023ж. 08:07
1173
Түркиядағы зілзала: 205 сағаттан соң үйінді астынан әйел құтқарылды

Кахраманмараш провинциясындағы жер сілкінісінен кейін 205 сағаттан соң үйінді астынан әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

35 жастағы Айшегюль Байыр Оникшубат ауданындағы ғимарат үйіндісінен шығарылды. Құтқарушылар оны үйінді астынан алып шығу үшін 5 метр туннель қазған.