Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызылжарлық мектепте балтадан зардап шеккен балаларға алғашқы көмек көрсеткен фельдшер сынға ұшырады

AstanaTV
15.02.2023ж. 20:00
1142
Қызылжарлық мектепте балтадан зардап шеккен балаларға алғашқы көмек көрсеткен фельдшер сынға ұшырады

Қызылжарда мектепке балта мен пышақ әкеліп, балаларды жарақаттаған оқушы қамауға алынды. Бүгін облыстық сот ресми шешімді жариялады. Еске салайық, Петропавлдағы нөмірі төртінші мектепте тоғызыншы сынып оқушысы балаларға балтамен шабуылдап, үшеуін жарақаттаған болатын. Зардап шеккендерге операция жасалды. Ал қаруланған жасөспірімнің психикалық диспансерде тіркеуде тұрғаны белгілі болды. Үш ай бойы ауруханада жатып шыққан баланың ақыл ойындағы серпілісті мектеп психологтары байқамаса керек.

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТЕРГЕУ СОТЫ:

Ақпанның он бесі күні Петропавл қалалық мамандандырылған тергеу соты Д есімді кәмелеттік жасқа толмаған азаматты 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының басқа тұстары жария етілмейді.

Ал балаларға бірінші көмек көрсеткен фельдшер сынға ұшырады. Денсаулық сақтау басқармасы оның ережеге сәйкес әрекет етпегенін айтты. Мәселен, бір емес үш жәбірленуші болғандықтан медициналық қызметкер оларды өзі жалғыз емдемей, қосымша күш шақыртуы тиіс болған.

Юрий БЕЛОНОГ, СҚО ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Аға дәрігер немесе фельдшер жәбірленушілердің жағдайын 3G стандарты бойынша бағалап, сол ауысымның аға дәрігерімен қосымша күш жайында ақылдасуы тиіс. Бірақ біздің фельдшер былай істеуді жөн көрмеді. Аға дәрігер қосымша күштің қажет екенін мектеп қызметкерлерінен білген. Бұл жағдай енді емдеу комиссиясының отырысында қаралатын болады.

А. Құрманкин