13 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғынынан Б.Жырау көшесі мекенжайы бойынша жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама түскен.
Екібастұз қаласының ПБ ақпаратынша, шақыртуды пысықтау барысында жеке тұрғын үйден 1959 ж.т. ер адамның және 1965 ж.т. әйелдің зорлық-зомбылық белгілерінсіз мәйіттері табылды.
Тексеру кезінде қонақ бөлмесінде еденде ашық сымдары бар электр жылытқышы бар екендігі анықталды.
Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді.
14 ақпанда Павлодар облысы бойынша Екібастұз-Баянауыл АА ССИ мәйіттерді сот-медициналық зерттеу қорытындысы бойынша алдын ала "Техникалық электротоғымен зақымдану" диагнозы қойылды.
Сот - медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.