Панамада мигранттар мінген автобус жардан құлап, 39 адам қаза тапты. 20 адам жараланып, ауруханаға түскен. Автобус Колумбияны Орталық Америкамен байланыстыратын джунглидің «Дариен аралығы» атты қауіпті бөлігінде құлаған. Көші-қон қызметі апатқа ұшыраған мигранттардың қай елдің азаматтары екенін әзірге жария еткен жоқ,- деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.