Қызылорданың
жылу жүйелері қыс мерзіміне дайын. "Нұр Отан" партиясының облыстағы
филиалы мемлекеттің 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол"
инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың сапасын
бақылады. Бүгінгі күні облыс орталығындағы тозығы жеткен жылу
жүйелерінің 65 пайызы жаңартылған. Қаланың жылу желілерін жаңғыртуға жеті жоба
қарастырылып, олар іске асқан.
Аталған
бағдарлама аясында салынатын нысандарға бөлінген қаражат көлемі қомақты
- 997 миллион теңге. Атқарылған жұмыстар да ауқымды. Айта кету керек, кейбір
учаскелердегі жылу желілері соңғы 35 жылда ауыстырылмаған. Соның салдарынан
жылу маусымы кезінде жиі жарылып, апаттар болатын. Жылу жүйесі толыққанды жұмыс
атқаруы үшін түбегейлі жаңғырту қажет, - дейді мамандар. Бүгінгі күні 7,5 шақырым магистральды жылу
жүйесі жаңарып қалды. Нысандарды тапсыру мерзімі - 20 қыркүйек.
Ахмет
Өтеуілі, «Қызылорда жылуэлектрорталығы»
МКК филиалының директоры:
Сынақ
жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылудың жоғалуы азаяды тұтынушыға барғанша. Биыл 10
сметалық құжат дайындалып жатыр 10 нысанға. Ол келесі жылы осы бағдарлама
бойынша істейміз деп отырмыз. Жылу жүйелерінің 65 пайызы жаңартылды.
Қызылорданың
үш жүз мыңға жуық тұрғыны үшін биыл қыс жайлы болмақ. Бастысы, әрбір пәтер
жылумен қамтамасыз етіледі. Атқарылып жатқан жұмыстарға партия белсенділері
осындай баға берді. Бөлінген қаражат тиімді, уақытылы игерілді деп отыр.
Темірхан
Әлімқұлов, «Нұр Отан» партиясының
Қызылорда облыстық филиалының мүшесі:
Нысандардың
барлығын аралап өткенде байқағанымыз: жылу маусымына бұл нысандардың жүз пайыз
дайынына көзіміз жетіп отыр. Жұмыс графикпен жүріп жатыр. Құрылыс материалдардың бәрі
- осы біздің Қазақстанда шыққан материалдар. Олардың сапасы - жақсы.
Шарипа САҚТАПОВА