$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Бір жылда еліміздің жалпы ішкі өнімі 3,2 пайызға өсті

AstanaTV
18.02.2023ж. 09:47
1830
Бір жылда еліміздің жалпы ішкі өнімі 3,2 пайызға өсті

2022 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімінің өсімі 3,2 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел деректер бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,2 пайызды құрады. Ең үлкен өсімді мына салалар көрсетті: құрылыс – 9,4, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 9,1, көтерме және бөлшек саудада сату, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 5, көлік және қоймалау – 3,9 және өңдеу өнеркәсібі - 3,4 пайыз», - делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.

Ведомствоның нақтылауынша, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша нақтыланған алдын ала деректер осы жылдың 21 сәуірінде жарияланады.