Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстанда жұмыс істейтін зейнеткер көбейген

23.02.2023ж. 20:00
982
Қазақстанда жұмыс істейтін зейнеткер көбейген

Елімізде жұмыс істейтін зейнеткер көбейген. Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, 65 жастан асса да, еңбек етіп жүргендердің дені Қостанай облысында. Қазыналы қарттардың жұмыс істеуіне не себеп? Тілшіміз Дәрібек Бахытбектің бейнематериалы.

Қала тұрғыны, көпбалалы ана Қайырқыздың зейнетке шыққанына 5 жыл болған. Ол төрт қабырғаға қамалмай, жұмыс істегенді жөн санайды. Осы еңбектенгенінің арқасында қосымша табыс тауып отырғанын жасырмайды. Ал немерелерге қарауға демалыс күндері де жеткілікті дейді.

Қайырқыз, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Частный цехта жұмыс жасап жатырмын. Қалай отырайын. Әлі 61 жаста пенсияны қосып қойды. Енді үйде қарап отыруға болмайды. Келінім отырса, мен отырсам, не болады сонда. Мен әйтеуір балдарға бір көмек болсын деп.

Ал зейнеткер Алманың пікірі басқа. Қартайған шақта үйде отырып немереге қарап қолды жылы суға малып отырған дұрыс дейді.

Алма, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Енді мен 10 жыл зейнеттемін. Жұмыс істемеймін. Үйде отырамын. Жұмыс істегім келмейді. Зейнет те жақсы. Немерелерім бар соларға барам.

Зейнет жасындағылардың жұмыс істегені қаншалықты дұрыс? Бұған қатысты халықтың да пікірі екіге жарылады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Немереге қараған дұрыс, менің көзқарасым. Жұмысты істедік қой кезінде, бір адамдай болып. Енді пенсияға шыққаннан кейін демал деді ма, демалу керек сияқты.

- Үйде отырып жәй қол қусырып қарап отыруға болмайды ғой. Не бала бағу керек? Не жұмыс істеу керек. Не болмаса қоғамға бір керек шаруамен айналысу керек.

Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде 2 млннан астам зейнеткер бар. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, зейнет жасына толғаннан кейін жұмыс істей ма, жоқ па, олардың өз еркінде.

Сәкен ДІЛДАХМЕТ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Елімізде зейнетке шыққан азаматтар, яғни жұмыс берушінің өз ынтасына қарай жұмысын жалғастыра алады. Яғни ол әрбір жұмыс беруші зейнетке шыққан азаматтарды ары қарай жұмыс істеуіне өздері шешеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше жұмыс істейтін 65 жастан асқан зейнеткерлердің саны 27 процентке өскен. Жұмысқа тәуелді қариялардың ең көбі Қостанай облысында тіркелсе, Ақмола облысында 20 мың қарт еңбекке тәуелді, Қарағанды облысында 10 мыңға жуық зейнеткердің тұрақты табысы бар. КСМ Ал, БҚО, ТО, Астана, Шымкент, қалаларында еңбек етіп жүрген зейнеткер некен-саяқ. Ranking.kz порталының мәліметінше, 2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша зейнет жасындағы 82,7 мың адам әлі жұмыс істеп жүр.