Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қарғалы аулында қараусыз қалған ғимарат тұрғындарға қауіп төндіріп тұр

24.02.2023ж. 20:00
1649
Қарғалы аулында қараусыз қалған ғимарат тұрғындарға қауіп төндіріп тұр

Алматы облысында Қарғалы ауылында үлкен ғимарат қараусыз қалған. Ауылдың қақ ортасында орналасқа ескі нысанға жергілікті халық бірнеше мәрте шағымданған. Қазірде бұрынғы “мәдениет үйі” нағыз қоқыс полигонына айналған. Ал тұрғындар бұл жерден үнемі айқай, шу мен белгісіз топтардың жиналатынын байқағандарын айтады.

Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Құрылысы бітпеген мәдениет үйінің қазіргі күйі - осы. Тұрғындардың айтуынша, бұл апатты ғимарат соңғы жылдары наркопритонға айналған. Төңіректе шприцтар, бөтелкелер шашылып жатыр.

Роза ІЛИЯСОВА, ҚАРҒАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына жерде бір не сияқты боп тұр… мусорный свалка! Мусорды да апарада, наркомандар, мастар, алқаштарда кіреді ішіне. Мына біздің акимат түк ештеңке жасамайды. Балалар да кейбірде ойнап, орын таппай кіреді ғой ойнаймыз деп. Әке шешелері көрмейді қайда барғанын. Міне кіреді де мына жерде талай балалар жарақат алып кеткен.

Балалардың қауіпті ғимаратқа кіріп кететін айтып, ауыл тұрғыны Жұмагүл Қожамбердиева полиция шақырған. Олар әкімдікке де хат жазған. Бірақ нәтижесін көре алмай отырмыз, дейді.

Жұмагүл ҚОЖАМБЕРДИЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Мына здание деген уже құлап бітті. Осы жерде өңшең жас балалар не істемейді. Жаз бойы осы жерден шықпайды. Ішінің бәрі толған мусор. Негізі вообще жауып тастау керек. Өйткені мына жерде өлім де болды. Бір жас бала қайтыс болды. Осы жерде тұр едім, екінші этаждан айқайлап, шыңғырған қыздың дауысы. Содан сасқанымнан баяғы кімге? Милицияғы звондадым. Милициямының өзі бір жарты сағаттан кейін келді.

Апатты ғимараттың иесіне бірнеше рет хат жазылып, ескерту жіберілген. Алайда, меншік иесі әлі бір рет те кездесуге өзі келмеген. Қазіргі таңда бұл нысанды мемлекет меншігіне өткізу үшін келіссөздер жүргізіліп, құжаттар реттеліп жатыр дейді әкім.

Қуаныш НАМЕТОВ, ҚАРҒАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Жекеше ғимарат болғандықтан ол кісілердің өздері қоршап, ішінің бәрін жауып сондай жұмыс жасауға біз қазір талап етіп жатырмыз. Ол жерге мектеп жасындағы балалар ойнайды ішіне кіріп, алкоголді ішімдікпен ішсе де сол қуысқа барып. ТЖ хат жолдадық, СЭС-ке хат жолдадық, сонымен қатар аудандық РОВД-ға хат жолданды.

Мәселе нақты қашан шешімін табатыны әзірге белгісіз. Әзірге балалардың қауіпсіздігі үшін тұрақты түрде рейд жүргізілмек.