Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, күздегі аңшылық маусымы бүгін басталды. Сөйтіп келесі жылдың 15-ақпанына дейін жалғасады. Бірақ аулауға рұқсат етілген жыртқыш түріне байланысты одан әрі де созылуы мүмкін.
Сүтқоректілер класына жататын 34 түрлі аңды, 59 түрлі құсты атуға рұқсат етілген. Мысалы, бұғы, қоңыр аю, сілеусін, күзен, сібір тау ешкісі, сібір елігі, қабан, борсық, жанат, құр, шіл, үйрек-қаз.
Елімізде аң аулаумен айналысатын 690 шаруашылық бар.
Тамыз айының ортасына дейінгі мәліметтерге қарағанда орман шаруашылығы және жануарлар әлеміне қатысты заңдарды бұзу бойынша 4774 хаттама толтырылған. 4643 адам әкімшілік жазаға тартылған. Қылмыстық жазаға тартылғандар саны – 30.
Айтпақшы былтыр елімізде 86 мың адам аңға шыққан.
Негізі одан көп екені белгілі. Қанжығасы майланып қайтатындар көзге түспегенді
тәуір көреді. Жалпы нағыз аңшы мен «былайынша» аңшылар ұқсамайды. Бірінің аңшы
сипаттамасы тырнақшаға алынады...